Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
Мектебіміздің 9 – сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Ашық есік» күні іс-шарасына қатысты. Білім алушылар колледждің қалыптасу тарихымен, мамандықтарымен, ұстаздар мен студенттердің жетістіктерімен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері экскурсия ұйымдастырып, оқу кабинеттерін, зертханалар мен шеберханаларды таныстырып көрсетті.
Толығырақ...Кәсіптік бағдар жұмысы аясында мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен «Зерек колледжі» өкілі келіп, оқу орны туралы толық мәлімет беріп, ақпараттандырды.
"Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үздік мектеп" атты қалалық байқауға қатысып, жүлделі 2 орынға ие болған мектеміздің 11 "А" сынып оқушылар мен пән мұғалімдері Татьяна Евгеньевна мен Инна Александровнаны шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Мектеп түлектері кәсіптік бағдарлау бойынша Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика, байланыс университеті және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің өкілдерімен машина жасау, энергетика және IT-мамандықтар бойынша кездесуге барып, өздеріне қажетті сұрақтардың жауабын ала алды.
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области