Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
Білім беруде инновациялық практиканы өзектендіру мақсатымен 2023 жылдың 16 қарашасында мектебіміздің құрылғанына 45 жыл толуына орай «Заманауи білім беруді дамыту: инновация және дәстүр» тақырыбында қалалық ғылыми конференция өтті. Ұйымдастырушылар – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Кулмагамбетова Б.Ж., Болотько Е.Н., Кужумсугурова К.М.
Аталмыш іс- шараға қала мұғалімдерінің қауымдастығынан 50-ден астам өтініш келіп түсті.
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үдерісін дамытудың өзекті мәселелері мен инклюзивті білім беру әлеуеті: мәселелері, шешу жолдары» деп аталатын №1 секция жұмысына 18 мұғалім қатысты.
№2 «Цифрлы өркениеттегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту» секциясында 25 мұғалім өз тәжірибелерімен бөлісті.
№3 «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы заманауи тәсілдері және білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің гуманитарлық әдіснамасы және тәрбие жүйесі» секциясында 7 мұғалім өз жұмыстарын көрсетті.
Барлық қатысушыларға Конференцияның арнайы сертификаттары берілді.
Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Толығырақ...білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области