Білім беруде инновациялық практиканы өзектендіру мақсатымен 2023 жылдың 16 қарашасында мектебіміздің құрылғанына 45 жыл толуына орай «Заманауи білім беруді дамыту: инновация және дәстүр» тақырыбында қалалық ғылыми конференция өтті. Ұйымдастырушылар – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Кулмагамбетова Б.Ж., Болотько Е.Н., Кужумсугурова К.М.
Аталмыш іс- шараға қала мұғалімдерінің қауымдастығынан 50-ден астам өтініш келіп түсті.
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үдерісін дамытудың өзекті мәселелері мен инклюзивті білім беру әлеуеті: мәселелері, шешу жолдары» деп аталатын №1 секция жұмысына 18 мұғалім қатысты.
№2 «Цифрлы өркениеттегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту» секциясында 25 мұғалім өз тәжірибелерімен бөлісті.
№3 «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы заманауи тәсілдері және білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің гуманитарлық әдіснамасы және тәрбие жүйесі» секциясында 7 мұғалім өз жұмыстарын көрсетті.
Барлық қатысушыларға Конференцияның арнайы сертификаттары берілді.
Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
№ 1 секция. I дәрежелі диплом - Иксанова М.В. 17 жббм
II дәрежелі диплом - НурмухамбетоваА.С. Абай атындағы жббм, Бондарь Р.Р. 19 жббм
III дәрежелі диплом – Дусмагамбетова Д.К. 21 жббм, Карина А.А. 115 жббм
№ 2 секция. I дәрежелі диплом - Курмангалиев А.А. Абай ат.жббм
II дәрежелі диплом - Лёвина К.С. 19 жббм
III дәрежелі диплом - Нурлыбаева А.М. 17 жббм, Саменова А.К. Ә.Бөкейхан атындағы жббм
№ 3 секция. I дәрежелі диплом – Оспанова Ш.Ж. Ә.Бөкейхан атындағы жббм
II дәрежелі диплом - Нурмагамбетова Г.Т. 17 жббм
III дәрежелі диплом – Даненова Н.К. 17 жббм
Ғылыми конференция қатысушыларына алғысымызды білдіре отырып, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жетістіктер тілейміз.