Тасқын салдарынан Тобыл өзенінің табанына қатты қатты зақым келді, топырақ опырылып, өзенде құрылыс қоқыстары көбейді. Шомылатын орындар жабдықталмаған, іргелес инфрақұрылым су тасқынынан зақымдалған.
Осыған байланысты кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз шомылуға тыйым салынады.
Патрульдеудің 2 күнінде білім бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайлар басқармасының, білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп қалалық жағажай, «Шағала» жағалауы ауданындағы тозығы жеткен көпір орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 33 кәмелетке толмағанды анықтады.
Құрметті ата-аналар, сіздерді қырағы болуға және жаз мезгілінде балаларыңыздың болатын орындарын қадағалауға шақырамыз.