11-қараша күні 11 “Ә” сынып оқушыларының арасында тарих пәні мұғалімі Жумабаева А.Ж. ұйымдастыруымен “Қазақтың Қанышы” атты зияткерлік ойын өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушыларды Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат беру, еліміздің ғылым саласының дамуына қосқан үлесімен таныстыра отырып, өшпес із қалдырған ғылыми мұрасына ерекше назар аудару.
Зияткерлік ойын Қ.И.Сәтбаевтың қызметінің барлық аспектілерін қамтитын 4 кезеңнен тұрды: академиктің өмірбаяны, отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі, ҰОС жылдарындағы жеңіске қосқан жеке үлесі, шығармашылық және ғылыми мұра.