Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
"Ұлттық валюта"сынып сағаты
11-15 қараша аралығында мектепте Ұлттық валюта - теңге күніне арналған сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының негізгі мақсаты оқушыларда экономикалық сауаттылық негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болу тарихымен және олардың адамзат дамуының түрлі кезеңдеріндегі маңызымен танысу болды. Оқушылар валютаның пайда болу үдерісі, оның қоғам өміріндегі рөлі және заманауи экономикада қолданылуы туралы жалпы түсінік алды.
Отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге ерекше көңіл бөлінді. Сынып сағаты балаларға еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы ретінде ұлттық валютаның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Толығырақ...Күз мерекесі 9-11 сыныптар
13 қарашада мектепте ең маңызды дәстүрлі іс-шаралардың бірі - «Күз мерекесі» өтті, оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара 90-шы жылдар стилінде өтті.
«Күз мерекесі» мектеп оқушыларына өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, ұжымдық байқауларға қатысуға және достарымен көңілді уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік берді. Мерекелік бағдарламаға сән көрсетілімі, шығармашылық қойылымдар және оқушылардың ата-аналары дайындаған күзгі букеттің тұсаукесерін тамашаладық.
Байқаудың барлық қатысушылары естелік номинациялар мен мадақтамалармен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін 10-сынып жетекшілеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Толығырақ...Пікірсайыс турнирі
11 қарашада Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған пікірсайыс турнирі өтті. Турнир британ парламенті форматында өтті, оның басты тақырыбы: «Бұл палата ғалымның өмірі өнер қайраткерінің өмірінен гөрі қызықты деп санайды».
Пікірсайыс барысында қатысушылар негізгі ұғымдарды ашып, түсіндіріп, ғалымдар мен өнер қайраткерлері өмірінің түрлі аспектілерін талқылады. Әрбір аргумент нақты өмірдегі мысалдармен, тарихи фактілермен және нақты жағдайлармен бекітілді, бұл пікірталасқа сенімділік пен салмақ берді. Қатысушылар жарқын әрі мазмұнды пікір алмасу арқылы өз ұстанымдарын сенімді түрде қорғады.
Толығырақ...Зияткерлік ойын
11-қараша күні 11 “Ә” сынып оқушыларының арасында тарих пәні мұғалімі Жумабаева А.Ж. ұйымдастыруымен “Қазақтың Қанышы” атты зияткерлік ойын өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушыларды Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат беру, еліміздің ғылым саласының дамуына қосқан үлесімен таныстыра отырып, өшпес із қалдырған ғылыми мұрасына ерекше назар аудару.
Зияткерлік ойын Қ.И.Сәтбаевтың қызметінің барлық аспектілерін қамтитын 4 кезеңнен тұрды: академиктің өмірбаяны, отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі, ҰОС жылдарындағы жеңіске қосқан жеке үлесі, шығармашылық және ғылыми мұра.
Толығырақ...білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области