Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2025 жылғы 10 қазандағы №575 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 15 қазанда 2–7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу және шығармашылық жобалар республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.

Мектебімізден 11 оқушы қатысуға өтінім беріп, 10 оқушы өз жобаларын қорғады. Сапа көрсеткіші – 63,6%

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

ІІ орын — Остапович Никита (мұғалім Энуза Бейсенбаевна)

ІІ орын — Игисенов Мадияр (мұғалім Екатерина Александровна)

ІІ орын — Мұқат Нұрмұхамед (мұғалім Асем Каирбековна)

ІІІ орын — Вразовская Варвара (мұғалім Алия Айтуаровна)

ІІІ орын — Осипов Нурислам (мұғалім Айдана Жангалиевна)

ІІІ орын — Жолдас Илияс, Жолдас Дияс (мұғалім Асем Каирбековна )

ІІІ орын — Ташмагамбетов Нурислам (мұғалім Ельмира Хамитовна)

Барлық қатысушылар мен жетекші ұстаздарға алғыс білдіреміз!

Ізденіс пен еңбектің нәтижесі — мектеп абыройының айғағы!

Байқау Қостанай облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығының» ережесіне сәйкес өткізілді.

Қала мектептерінің 15 әдістемелік бірлестігі өз тәжірибелерін ұсынып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

№17 жалпы білім беретін мектептің математика, физика және информатика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, III орынды иеленді!

Бұл жетістік – ұжым еңбегінің, кәсібилік пен ынтымақтастықтың жемісі!

Ұжым мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану дағдыларын дамыту мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырған «Әлеуметтік желідегі педагог» облыстық байқауы өтті.

Байқауға облыстың әр өңірінен 21 педагог қатысты. Олардың қатарында директорлар, директордың орынбасарлары, мектеп және балабақша педагогтері бар. Қазылар алқасының шешімімен үздіктер мен жүлдегерлер анықталды. Қостанай қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі — Булгакова Татьяна Евгеньевна облыстық кезеңде III орын иеленді! Татьяна Евгеньевнаны шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби шабыт тілейміз!

28 қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

«Білім берудегі менеджмент» бағыты бойынша қаламыздың намысын

№17 жалпы білім беретін мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Микибаева Асем Каирбековна абыроймен қорғап, II орынға ие болды!

 

Асем Каирбековнаны жоғары нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен жарқын жеңістер тілейміз!

© 2025 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области