Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
«Адал азамат» бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында 2025 жылғы желтоқсан айында 1–2-сынып оқушылары арасында «Түрлі-түсті оқылым немесе кітап кейіпкерлері» тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді.
Көрмеге белсенді түрде қатысқан сыныптар мен оқушылар:
1 «А» сыныбы (мемлекеттік тілде оқытылатын, сынып жетекшісі Купеева Г.С.) – Стригина Лера, Шохова Айша (2 сурет), Жақсылық Нұрхан.
1 «Б» сыныбы (сынып жетекшісі Олейник Т.Ю.) – Мунгалова Ксения, Шель Глеб, Шляхчук Диана.
1 «В» сыныбы (сынып жетекшісі Диконтий Т.Д.) – Цыплякова Оливия, Жауков Максим, Панова Алена, Ашанина Мария, Таукен Арлан, Солянова Дарина.
1 «Г» сыныбы (сынып жетекшісі Әсемгүл Қайратқызы) – Попова Ирина, Чернолих Матвей.
2 «Б» сыныбы (сынып жетекшісі Фархутдинова Е.П.) – Дүсенғали Айлин, Коржень София, Русанова Даша (2 сурет), Бургебаева Айлана, Гапеева Лена.
2 «В» сыныбы (сынып жетекшісі Шумилина Т.Б.) – Сиваков Артем, Кульмухамедов Асхат.
2 «Г» сыныбы (сынып жетекшісі Кульман О.В.) – Склярова Валя, Бодрюк Вероника, Крайнюченко Руслан, Назарова Полина.
Оқушылардың салған суреттері 2-қабаттағы рекреацияда көрме ретінде рәсімделді. Сонымен қатар балалар өз суреттерінде бейнелеген кейіпкерлері бар кітаптар да көрмеге қойылды.
Бүгін 10–11 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Тәуелсіздікке саяхат» атты үстел ойыны форматында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және тарихи білімдерін тереңдету. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Жумабаева Айдана Жангалиевна ұйымдастырды.
Толығырақ...Республика күні қарсаңында "Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасының "Шабыт" және "Балалар кітапханасы" республикалық жобаларын іске асыру шеңберінде Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі "Айтыс – халық қазынасы"тақырыбында ашық іс-шара ұйымдастырды.
Оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, айтыстың жарқын мысалдарын (бәдік-айтыс, айтыс-жұмбақ, жануарлар туралы айтыс, ұлдар мен қыздар арасындағы айтыс, жар-жар) көрсетті.
Тіл мен әдебиетті оқытуда жасанды интеллект құралдарын енгізу аясында виртуалды айтыс ұсынылды. Қатысушылар CoPilot жасанды интеллект құралының көмегімен мектеп, мұғалім, жастар тақырыптарында өлеңдер ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша "виртуалды айтыстағы сөз Виртуозы"номинациясы бойынша жеңімпаз анықталды.
26-қыркүйек күні мектебімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың асылы-Абай» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды; Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпаққа Абай шығармаларын насихаттау, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Кітап оқитын ұлт» жобасын қалыптастыру; Іс-шараның 1-бөлімінде қалалық,облыстық Абай оқуларының жеңімпаздары Берікқызы Аяна, Жолдас Аяжан,Қайырлы Ақбота Абай атамыздың өлеңдерін,қара сөздерін жатқа оқыса,мектебіміздің күйшілері әсем күйлерін күмбірлетіп,кештің шырайын келтірді; Оқушылар Жиделі-Бөрілі мұражайына виртуалды 3D-тур жасап,Абай шығармашылығы жайлы online quiz ойынында белсенділік танытты; Іс-шараның 2-бөлімінде жас Абайтанушы,Қостанай қаласындағы Абай мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,ынтымақтастық аясында Абайдың туған жеріне барып келген ақын Нұрсұлтан Мырзабекұлымен сұхбаттасты.Гүлім Әнуарбекқызы жүргізген сұхбатта Абай шығармаларын,Абайдың жаңа қырларын таныту мәселелері туралы айтылды.
Толығырақ...білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области









