Республика күні қарсаңында "Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасының "Шабыт" және "Балалар кітапханасы" республикалық жобаларын іске асыру шеңберінде Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі "Айтыс – халық қазынасы"тақырыбында ашық іс-шара ұйымдастырды.
Оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, айтыстың жарқын мысалдарын (бәдік-айтыс, айтыс-жұмбақ, жануарлар туралы айтыс, ұлдар мен қыздар арасындағы айтыс, жар-жар) көрсетті.
Тіл мен әдебиетті оқытуда жасанды интеллект құралдарын енгізу аясында виртуалды айтыс ұсынылды. Қатысушылар CoPilot жасанды интеллект құралының көмегімен мектеп, мұғалім, жастар тақырыптарында өлеңдер ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша "виртуалды айтыстағы сөз Виртуозы"номинациясы бойынша жеңімпаз анықталды.






