Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2025 жылғы 11 қазанында мектебіміздің аумағын абаттандыру және тазалау бойынша экологиялық акция өтті. Іс-шараға ұстаздар, 9 «Б», 10 және 11-сынып оқушылары, Қамқоршылық кеңесінің, Аналар мен Әкелер мектебінің мүшелері белсене қатысты.

Біз барлығымыз бірлесіп туған жердің тазалығы мен көркемдігіне үлес қостық. Бұл шара - табиғатқа жанашырлықпен қараудың және қоршаған ортаға қамқор болудың қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді.

Осы ерекше күні мектепте аға буынға деген құрмет пен алғысқа арналған іс-шара өтті. Мереке аясында педагогикалық еңбек ардагерлері, сондай-ақ бүгін де белсенді еңбек етіп жүрген мектеп зейнеткерлері шақырылды.

Қонақтар үшін оқушылар шығармашылық нөмірлер, алғыс сөздер мен шын жүректен шыққан құттықтаулардан тұратын мерекелік концерт дайындады.

Мектептің кәсіподақ комитеті өмірін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған жандарға қамқорлық пен құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстады.

Іс-шара жылы, көңілді атмосферада өтті. Ол ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын, тәжірибеге деген құрметті және жастан тәуелсіз әр адамның құндылығын тағы бір еске салды.

Шараны Мектеп Парламентінің волонтёрлар фракциясы ұйымдастырды.
Акцияға 8А, 9В, 9Д, 11А сынып оқушылары және 6А сынып оқушысы Вирабян Сусанна қатысты.

Балалар зооорталықтағы жануарларға арналған азық пен қажетті заттарды жинады.
Бұл -жануарларға көмек көрсету ғана емес, оқушылардың бойына қамқорлық пен мейірімділік дәнін себетін іс!

Жиналған көмек зооорталыққа табысталды.

Барша қатысушыларға алғысымыз шексіз! Сіздер нағыз жүрегі мейірімге толы жандарсыздар!

© 2025 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области