Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі" КММ кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын іске асыру шеңберінде 9-сынып оқушылары 2026 жылғы 21 қаңтарда "Қостанай политехникалық жоғары колледжі"КМҚК базасында кәсіби сынамаларға қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің сұранысқа ие мамандықтарымен танысып, практикалық тапсырмаларда өздерін сынап көрді және болашақ мамандықтар туралы түсінік алды. Кәсіби сынақтарға қатысу оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге және саналы кәсіби таңдауға алғашқы қадамдар жасауға көмектесті.
Колледж әкімшілігі мен оқытушыларына Ынтымақтастық пен іс-шараны мазмұнды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз!
Толығырақ...Мектебіміздің 9 – сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Ашық есік» күні іс-шарасына қатысты. Білім алушылар колледждің қалыптасу тарихымен, мамандықтарымен, ұстаздар мен студенттердің жетістіктерімен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері экскурсия ұйымдастырып, оқу кабинеттерін, зертханалар мен шеберханаларды таныстырып көрсетті.
Толығырақ...Кәсіптік бағдар жұмысы аясында мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен «Зерек колледжі» өкілі келіп, оқу орны туралы толық мәлімет беріп, ақпараттандырды.
"Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үздік мектеп" атты қалалық байқауға қатысып, жүлделі 2 орынға ие болған мектеміздің 11 "А" сынып оқушылар мен пән мұғалімдері Татьяна Евгеньевна мен Инна Александровнаны шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области









