Мектебіміздің 9 – сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Ашық есік» күні іс-шарасына қатысты. Білім алушылар колледждің қалыптасу тарихымен, мамандықтарымен, ұстаздар мен студенттердің жетістіктерімен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері экскурсия ұйымдастырып, оқу кабинеттерін, зертханалар мен шеберханаларды таныстырып көрсетті.











