Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
Бүгін 10–11 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Тәуелсіздікке саяхат» атты үстел ойыны форматында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және тарихи білімдерін тереңдету. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Жумабаева Айдана Жангалиевна ұйымдастырды.
Толығырақ...Іс-шараның мақсаты – балалардың туған өлке туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, сондай-ақ мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту болды.
Қатысушылар төрт топқа бөлінді: Отан, Мереке, Астана және Бәйтерек. Әр топта балалар да, ересектер де болды. Мұндай формат әр қатысушыға ортақ іске өз үлесін қосып, команда мүшесі ретінде өзін маңызды сезінуге мүмкіндік берді.
Ойынға белсенді қатысқандары үшін оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Толығырақ...22 қазан күні мектепте Республика күніне арналған «Бұл палата жастар – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі деп есептейді» тақырыбында 8–10-сыныптар арасында дебат турнирі өтті. Қатысушылар шешендік өнердің жоғары деңгейін, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу және пікірталас мәдениетін сақтай отырып, сыпайы пікір алмаса білу қабілеттерін көрсетті.
Толығырақ...білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области








