22 қазан күні мектепте Республика күніне арналған «Бұл палата жастар – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі деп есептейді» тақырыбында 8–10-сыныптар арасында дебат турнирі өтті. Қатысушылар шешендік өнердің жоғары деңгейін, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу және пікірталас мәдениетін сақтай отырып, сыпайы пікір алмаса білу қабілеттерін көрсетті.






