Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
2025 жылғы 31 қаңтарда №17 ЖББМ базасында химия және биология мұғалімдеріне арналған "Химия және биология сабақтарында білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру"тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ әдіскері Зауреш Нуралиновна Садвакасованың кіріспе сөзімен басталды. "Рауан" би ұжымының өнері жағымды атмосфера тудырды.
Содан кейін ашық сабақтар өткізілді: Биология (8-9 сыныптар) – мұғалімдер Диконтий М. Д., Абаканова М. О. Химия (10-11 сыныптар) – мұғалімдер Рябуха Е. В., Махамбетжан М. А.
Педагогтер білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастырудың әртүрлі әдістемелік тәсілдерін көрсетті.
Толығырақ...2025 жылғы 21 қаңтар күні ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Әсем Қайырбекқызы мұғалімдерге арналған «ОӘК: ҚҰРАЙМЫЗ. ШЫҒАРАМЫЗ. БЕКІТЕМІЗ» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – педагогтарға оқу-әдістемелік материалдарды (ОӘК) идеядан бастап, авторлық жұмыстарды облыстық оқу-әдістемелік кеңесте бекітуге дейін дайындау үдерісін меңгеруге көмектесу болды.
Іс-шараның басында қатысушылар №72 бұйрық (02.04.2024 ж.) негізінде педагогтарды аттестаттау талаптарымен танысты. Бұл құжатқа сәйкес әрбір педагогтың бекітілген оқу-әдістемелік материалдары болуы қажет.
Семинар барысында мұғалімдер «Педагогикалық конструктор» ойынына қатысып, ұсынылған материалдардан оқу-әдістемелік материалдың мәнін бейнелейтін символдық үлгілер жасады. Мысалы, құрылымдылықты білдіретін мұнара немесе элементтер арасындағы байланысты көрсететін көпір. Бұл жаттығу қатысушыларға ОӘК дайындау үдерісін конструктор жинау сияқты – әр бөлігі маңызды рөл атқаратынын түсінуге көмектесті.
Келесі кезеңде педагогтар оқу-әдістемелік материалдардың түрлерін талқылады. Олардың қатарына: оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар, әзірлемелер, оқу-әдістемелік жинақтар мен кешендер кіретіні атап өтілді.
«ОӘК пазлы» атты келесі ойын барысында қатысушылар терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіріп, ұғымдарды тереңірек меңгерді. Одан кейін топтық жұмыс жүргізіліп, әр педагог өз әдістемелік өнімін жазуды неден бастау керектігі жөнінде пікір алмасты.
Семинар нәтижелі және қызықты өтті.
Толығырақ...2024 жылғы 13 желтоқсанда «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тарих және география пәнінің мұғалімдеріне арналған білім беру процесінде сандық дағдыларды қолдануға арналған воркшоп өтті. «Digital skills: білім беру процесін жақсарту үшін онлайн-ресурстарды пайдалану» іс-шарасы «Алаш аманаты» күйінің және тарих мұғалімі Г.Т.Нұрмағамбетованың «Қазақ хандығын құру» интерактивті сахнасының жарқын ашылуынан басталды.
Воркшопқа қатысушылар ашық сабақтар өткізген әріптестерінің тәжірибесімен танысты, Олар: З.Е.Шайкемелова, А.Ж.Жұмабаева, Т.Е.Булгакова, К.Н.Жуламанова.
Воркшоптың екінші бөлімі, «Digital skills сабақта: тиімді оқытудың жаңа құралдары», директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары А.К. Микибаева, география мұғалімдері Е.С. Купеев, Т.Е. Булгакова және тарих мұғалімі А.Б.Биркемелова өткізген интерактивті талқылау мен сандық ресурстарды қолдану бойынша шеберлік сыныбын қамтыды.
10.12.2025 күні мектебімізде “биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды
талдау және шешу” тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинарда білім бөлімінің әдіскері А.Т.Жанабаевтың бастамасымен “Дарынды балалар және олармен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында Краснова Елена Вадимовна, биология пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші, №11 ЖББМ және “Оқушыларды олимпиадаға дайындауда биология мұғалімінің жұмыс тәжірибесінен” Диконтий Марина Дмитриевна, биология пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші, бірлесе отырып өткізді. Семинар 3 кезеңнен:
1.Іс-әркеттегі теория;
2.Кейс-сессия;
3.Рефлексиядан тұрды.
Семинарға қатысушы жас мамандар тапсырма орындап, соңғы кезеңде алғыстарын білдірді.
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области









