Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
4 ақпанда мектепте 8 «А», 8 «Б», 8 «Г», 9 «А», 9 «Ә», 9 «В», 9 «Г» сыныптарының оқушыларымен Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ерденова Асемгүл Ғайбарқызы, сондай-ақ Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы, полиция старшинасы Қазбеков Р.Б.-мен кездесу өтті.
Кездесу барысында полиция капитаны Асемгүл Ғайбарқызы оқушыларға есірткі құралдарын тарату, сақтау және қолданудың құқықтық салдары туралы айтып, әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндірді, сондай-ақ есірткінің адам денсаулығына тигізетін зиянын атап өтті.
Ал полиция старшинасы, инспектор-кинолог Қазбеков Р.Б. қызметтік иттің есірткі жасырылған орындарды анықтау барысындағы жұмысын көрсетті. Оқушылар көрсетілімді қызығушылықпен тамашалап, белсенді түрде қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DUVxQUwjZKe/?igsh=cmVmbW80dHNqcjR3
Толығырақ...2025 жылдың 25 қыркүйегінде мектепте 11 "А", 10 «Б» және 11 "Б" сынып оқушыларының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығының маманы Кадрон Серік Ауызбайұлымен кездесуі өтті.
Іс-шара оқушылардың АИТВ/ЖИТС таралуына байланысты мәселелер және алдын алудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
2025 жылғы 18 қазан күні мектепте 8–10 сынып оқушыларына Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ УПД КҚПБ полиция капитаны Каримбаев М.Д.-ның қатысуымен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Кездесу тақырыптары: «Мектепке өткір және қауіпті заттарды әкелуге тыйым салу». «Темекі бұйымдарын және электронды сигареттерді қолдануға тыйым салу». Әңгіме барысында оқушыларға қолданыстағы заңнама нормалары, құқықбұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің қауіптілігі мен салдары туралы ақпарат берілді
2025 жылғы 16 қыркүйекте мектепте 9-сынып оқушыларының №2 емхананың маманы Жанғабылова Г.Б.-мен «Нашақорлықтың алдын алу. Психоактивті заттардың адам ағзасына зияны» тақырыбында кездесуі өтті.
Кездесу барысында Жанғабылова Г.Б. психоактивті заттардың, әсіресе жасөспірім ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы айтып берді. Ол бұл заттардың орталық жүйке жүйесіне, жүрекке, өкпеге және басқа да мүшелерге қалай әсер ететінін, сондай-ақ олардың ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.
Практикалық бөлімде маман психоактивті заттарды шеккенде өкпеде қандай өзгерістер болатынын көрсететін көрнекі тәжірибе жүргізді. Бұл оқушыларға зиянды заттардың тыныс алу жүйесіне қалай әсер ететінін анық көрсетті.
Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа байланысты бейнеролик көріп, алған білімдерін бекітіп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді.
Толығырақ...білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области









