4 ақпанда мектепте 8 «А», 8 «Б», 8 «Г», 9 «А», 9 «Ә», 9 «В», 9 «Г» сыныптарының оқушыларымен Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ерденова Асемгүл Ғайбарқызы, сондай-ақ Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы, полиция старшинасы Қазбеков Р.Б.-мен кездесу өтті.
Кездесу барысында полиция капитаны Асемгүл Ғайбарқызы оқушыларға есірткі құралдарын тарату, сақтау және қолданудың құқықтық салдары туралы айтып, әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндірді, сондай-ақ есірткінің адам денсаулығына тигізетін зиянын атап өтті.
Ал полиция старшинасы, инспектор-кинолог Қазбеков Р.Б. қызметтік иттің есірткі жасырылған орындарды анықтау барысындағы жұмысын көрсетті. Оқушылар көрсетілімді қызығушылықпен тамашалап, белсенді түрде қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DUVxQUwjZKe/?igsh=cmVmbW80dHNqcjR3

</
</





