Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
2025 жылғы 30 желтоқсанда оқу үдерісін жоспарлау және бағалау саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған
«Сабақ мақсатын дұрыс қоюдан – сапалы бағалауға дейін» тақырыбында педагогикалық интенсив өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар оқытудың күтілетін нәтижелеріне, қазіргі сабақтың принциптері мен талаптарына сәйкес сабақтың мақсаттарын тұжырымдаудың негізгі аспектілерін қарастырды.
Семинардың практикалық бөлімі топтық жұмысты қамтыды. Онда педагогтер қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілерін талдап, сабақ мақсаттарын түзетті, тапсырмаларға бағалау критерийлері мен дескрипторларын әзірледі. Сондай-ақ жиі кездесетін қателіктер қарастырылып, оларды жоюдың тиімді жолдары анықталды.
Жеке бөлім оқу үдерісіне жасанды интеллект құралдарын енгізуге арналды. Педагогтер сабақтарды жоспарлау, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, бағалау критерийлерін қалыптастыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау барысында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар мектептегі Soft Skills бағытын енгізу мәселелері қарастырылды. Қатысушылар сабақ мақсаттары, оқу тапсырмалары мен бағалау арқылы білім алушылардың сыни ойлау, қарым-қатынас жасау, креативтілік, ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту жолдарын талқылады. Практикалық бөлім Soft Skills пен жасанды интеллект элементтерін кіріктіре отырып, сабақтың жекелеген фрагменттерін жобалау бойынша топтық жұмысты қамтыды.
Интенсив қорытындысы бойынша педагогтер алынған білім мен дағдылардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, олардың сабақ сапасын арттыруға, бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуге және жоспарланған оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететінін жеткізді.
Толығырақ...Білім беруде инновациялық практиканы өзектендіру мақсатымен 2023 жылдың 16 қарашасында мектебіміздің құрылғанына 45 жыл толуына орай «Заманауи білім беруді дамыту: инновация және дәстүр» тақырыбында қалалық ғылыми конференция өтті. Ұйымдастырушылар – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Кулмагамбетова Б.Ж., Болотько Е.Н., Кужумсугурова К.М.
Аталмыш іс- шараға қала мұғалімдерінің қауымдастығынан 50-ден астам өтініш келіп түсті.
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үдерісін дамытудың өзекті мәселелері мен инклюзивті білім беру әлеуеті: мәселелері, шешу жолдары» деп аталатын №1 секция жұмысына 18 мұғалім қатысты.
№2 «Цифрлы өркениеттегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту» секциясында 25 мұғалім өз тәжірибелерімен бөлісті.
№3 «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы заманауи тәсілдері және білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің гуманитарлық әдіснамасы және тәрбие жүйесі» секциясында 7 мұғалім өз жұмыстарын көрсетті.
Барлық қатысушыларға Конференцияның арнайы сертификаттары берілді.
Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Толығырақ...білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области







