Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
10 маусым күні «Балдаурен» мектеп жанындағы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілері Орыс драма театрына барып, «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша қойылған спектакльді тамашалады. Жарқын әрі қызықты қойылым балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды. Жас көрермендер басты кейіпкердің оқиғаларын қызығушылықпен бақылап, кейіпкерлерге жанашырлық танытып, актерлердің өнеріне тәнті болды. Театрға саяхат балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын, қиялын және театр өнеріне деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
Толығырақ...8 маусым күні аға тәлімгер Миржанова А.Б. жасақ тәлімгерлерімен бірлесіп, тәрбиеленушілер үшін станциялар бойынша қызықты ойын өткізді. Барлығы 8 станция ұйымдастырылды: «Би алаңы», «Ыстық орындық», «Бағдаршам», «Жылға», «Бүлінген телефон», «Крокодил», «Сөреге шыққан қырықаяқтар» және басқа да қызықты бекеттер. Әр станция өзіндік тапсырмаларымен ерекшеленіп, қатысушылардан тапқырлықты, белсенділікті, зейінділікті және топпен жұмыс істеу дағдыларын талап етті.
Балалар би билеп, сұрақтарға жауап беріп, пантомима ойынын ойнап, түрлі тапсырмаларды орындап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Іс-шара қызықты әрі көңілді өтіп, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті.
Толығырақ...5 маусым күні «Балдаурен» мектеп жанындағы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілері «TRINGLE SHOW» балалар циркіне барды. Бұл қызықты іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерлерге толы ұмытылмас сәттер сыйлады.
Балалардың ерекше ықыласына бөленген өнерпаз – сайқымазақ болды. Ол бағдарлама бойы мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, әзіл-қалжыңдарымен көрермендерді қызықтырып, түрлі ойындарға тартты. Сабынды көпіршіктер, көгершіндер мен жыландар қатысқан әсерлі көріністер балалардың қызығушылығын арттырды.
Бағдарламаның көркін қыздырған әсерлі цирктік қойылымдар да көрермендерді тәнті етті. Ең есте қаларлық нөмірлердің бірі – әртістің шынының үстіне жатып, оның айналасына пышақтардың лақтырылуы болды. Балалар өнерпаздардың шеберлігі мен батылдығына сүйсініп, қойылымды зор қызығушылықпен тамашалады.
Толығырақ...Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Балдәурен» жазғы мектеп жанындағы алаңының тәрбиеленушілері Ы. Алтынсарин атындағы кітапханаға барды. Балалар үшін танымдық іс-шара ұйымдастырылып, оның барысында олар еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызы туралы мәлімет алды, тақырыптық әңгіме мен викторинаға қатысты.
Толығырақ...білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области









