Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

1 маусым күні мектепте «Балдәурен» жазғы мектеп жанындағы алаңының ашылуы және Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі өтті. Тәрбиеленушілер үшін мерекелік көңіл-күй сыйлауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған қызықты әрі мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекені ұйымдастыруға және өткізуге мектеп парламентінің мүшелері белсене қатысып, Жаз және Мыстан кемпір кейіпкерлерінің рөлін сомдады. Балалар үшін көңілді ойындар, байқаулар, эстафеталар және көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған флешмоб ұйымдастырылды.

Салтанатты ашылудан кейін тәрбиеленушілер спорттық, тілдік, психологиялық, «Денсаулық әліппесі» және басқа да бағыттағы үйірмелер мен танымдық алаңдарға қатысты. Балалар сабақтарға белсенді қатысып, қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәрбиешілер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізіп, мектеп аумағындағы тәртіп ережелерімен, іс-шаралар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік талаптарымен, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларымен таныстырды.

Алаң жұмысының алғашқы күні мазмұнды, қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, жаңа білім алып, жазғы алаң жұмысына үлкен қызығушылықпен қатысты.

© 2026 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области