Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
2025 жылғы 14 қарашада педагог-психологтар әлеуметтік педагогтармен бірлесіп 5-11 сыныптар үшін аутодеструктивті мінез-құлықтың, қорқытудың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс өткізілгеннен кейін ата-аналарға Отбасылық тәрбие, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас және қорқытудың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстармен буклеттер, жадынамалар, сондай-ақ толтыруға арналған сауалнамалар таратылды.
Мектеп оқушылары арасында педагог-психологтар Каликова А.Б. мен Сатыбалдина Э.А. «ДосболLIKE: достыққа қолыңды соз» атты акция өткізді. Акцияның мақсаты – балаларда өзара сыйластық, достық, өзара көмек және төзімділік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ буллингтің алдын алу және мектеп ортасында жанжалсыз қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Іс-шара барысында үзілістерде оқушылар «Достық білезігі» интерактивіне қатысты: балалар жасыл жіптерден бір-біріне білезік жасап сыйлады. Бұл білезік – көмекке келуге, қолдау мен қамқорлық көрсетуге дайындықтың белгісі. Жасыл түс сенімнің, тыныштық пен өзара түсіністіктің символы ретінде таңдалды.
Сонымен қатар, психологтармен «Нағыз дос болу нені білдіреді?» тақырыбында әңгіме өткізілді. Онда балалар басқа адамдардың сезімін байқай білудің, тыңдай білудің, қолдау көрсетудің және туындаған келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын талқылады. Оқушылар жылы сөздер айтып, комплименттер білдіріп, алғыс айтып және достық істердің мысалдарын келтірді. Акция мектептегі қабылдау мен бірлік атмосферасын қалыптастыруға, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні!
Біздің мектептің 1-қабатындағы фойеде Психикалық денсаулық күніне арналған баннер орналастырылды.
Бұл баннердің мақсаты — оқушылар мен мұғалімдердің назарын жан саулығының маңыздылығына аудару, позитивті ой қалыптастыру және жылы көңіл-күй сыйлау.
Оқушылар мен ұстаздар баннерге өздерінің жақсы тілектерін, позитивті ойларын, жақсылыққа шақыратын сөздерін жазып қалдырды.
Фойе жылы эмоциялар мен күлімсіреген жүздерге толды!
Психикалық денсаулық — бұл жақсы көңіл-күй, өзіңді және айналаңды түсіне білу.
Күн сайын бір-бірімізге мейірім мен жылулық сыйлайық!
22–26 қыркүйек аралығында №17 жалпы білім беретін мектебінде балалар мен жасөспірімдердің күйзеліс жағдайларының алдын алу және оқушыларды сенім телефондары туралы ақпараттандыру мақсатында «Қиын болса – қоңырау шал» атты акция өтті.
Апта бойы мектепте сенім телефондарының нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер мен плакаттар ілінді, сондай-ақ оқушылармен әңгімелер ұйымдастырылып, олар өз уайымын жалғыз көтермеудің маңыздылығы және көмекке қайда жүгінуге болатыны жайында пікір алмасты.
Акцияның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге көмектің әрқашан қасында екенін көрсету және сенім телефонына қоңырау шалу қиын жағдайдан шығудың алғашқы қадамы бола алатынын түсіндіру.
Біз сенеміз: бірге біз әрбір балаға қауіпсіз және қолдау көрсететін орта құра аламыз!
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области









