Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
№17 жалпы білім беретін мектебінде «Менің сыныбым – буллингке қарсы» атты профилактикалық челлендж өткізілді.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың қауіпсіз және құрметке негізделген қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, оқушылар арасында жанашырлық пен бірігуді дамыту. «Біз мектебімізде буллингке орын жоқ екенін көрсеткіміз келеді, бір-бірімізді құрметтеуді, қолдауды және агрессия мен зорлық-зомбылыққа «тоқта» деп айту.»
Біз оқушыларымыздың белсенділігіне, шынайылығына және мектеп атмосферасын жақсартуға деген ұмтылысына мақтанамыз!
Буллинг – бұл қалыпты жағдай емес. Бұл – бірлесіп шеше алатын мәселе.
2025 жылғы 10 қыркүйекте №17 жалпы білім беретін мектепте Отбасы күніне арналған тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, оқушылардың жақындарына деген құрметін арттыру және отбасының әр адамның өміріндегі маңызын түсіндіру болды.
Тренинг барысында қатысушылар «Отбасы деген не?», «Менің отбасымдағы дәстүрлер» сияқты тақырыптарды талқылап, сенімділік пен түсіністікті дамытуға бағытталған түрлі жаттығуларға қатысты. Сонымен қатар, отбасыдағы жауапкершілік пен қолдау көрсету мәселелері де қозғалды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, пікір алмасуға ашық болды. Тренинг соңында көптеген қатысушы бұл шараның өз отбасына деген көзқарасына оң әсер еткенін және отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға шабыт бергенін атап өтті.
Әрбір бала мектепте де, одан тыс жерде де өзін қауіпсіз сезінуге құқылы.
«КодАктив» бағдарламасы — жедел психологиялық көмекке қолжетімді жолың.
Психологиялық денсаулыққа қамқорлық — барлығымыздың ортақ міндетіміз.
Егер саған қиын болса немесе буллингтің куәсі болсаң — үнсіз қалма.
Жаз. Қоңырау шал. Қолдау ал.
БУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ! - деп бірге айтайық:
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города
Костаная» Управления образования акимата Костанайской области









