8 маусым күні аға тәлімгер Миржанова А.Б. жасақ тәлімгерлерімен бірлесіп, тәрбиеленушілер үшін станциялар бойынша қызықты ойын өткізді. Барлығы 8 станция ұйымдастырылды: «Би алаңы», «Ыстық орындық», «Бағдаршам», «Жылға», «Бүлінген телефон», «Крокодил», «Сөреге шыққан қырықаяқтар» және басқа да қызықты бекеттер. Әр станция өзіндік тапсырмаларымен ерекшеленіп, қатысушылардан тапқырлықты, белсенділікті, зейінділікті және топпен жұмыс істеу дағдыларын талап етті.
Балалар би билеп, сұрақтарға жауап беріп, пантомима ойынын ойнап, түрлі тапсырмаларды орындап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Іс-шара қызықты әрі көңілді өтіп, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті.







