10.12.2025 күні мектебімізде “биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды
талдау және шешу” тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинарда білім бөлімінің әдіскері А.Т.Жанабаевтың бастамасымен “Дарынды балалар және олармен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында Краснова Елена Вадимовна, биология пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші, №11 ЖББМ және “Оқушыларды олимпиадаға дайындауда биология мұғалімінің жұмыс тәжірибесінен” Диконтий Марина Дмитриевна, биология пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші, бірлесе отырып өткізді. Семинар 3 кезеңнен:
1.Іс-әркеттегі теория;
2.Кейс-сессия;
3.Рефлексиядан тұрды.
Семинарға қатысушы жас мамандар тапсырма орындап, соңғы кезеңде алғыстарын білдірді.





