Бүгін 10–11 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Тәуелсіздікке саяхат» атты үстел ойыны форматында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және тарихи білімдерін тереңдету. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Жумабаева Айдана Жангалиевна ұйымдастырды.







