Бұл дәстүрге айналған жыл сайынғы шара оқушыларды, мұғалімдерді және бүкіл мектеп қауымдастығын денсаулық, белсенділік пен командалық рух секілді басты құндылықтар төңірегінде біріктіреді.
Мереке салтанатты жиыннан басталды, онда Денсаулық күні ресми түрде ашық деп жарияланды. Оқушыларды мерекемен хореографиялық «Рауан» ұжымы құттықтап, көрермендерге әсерлі би қойылымын тарту етті. Сыныптар өздерінің салауатты өмір салтына арналған ұрандарын бірігіп дауыстап айтып, көтеріңкі көңіл-күй мен белсенді атмосфера орнатты.
Жиыннан кейін Мектеп Парламентінің мүшелері көңілді жаттығу жүргізіп, барлық оқушыларды белсенді күнге серпілтті.
Одан кейін оқушылар өз бағыттары бойынша іс-шараларға аттанды:
7, 8 және 9-сыныптар алдын ала дайындалған бекеттер бойынша жүріп, спорттық тапсырмалар мен сайыстарға қатысты;
4 және 5-сынып оқушылары ептілік, жылдамдық пен командалық рухты қажет ететін «Көңілді старттар» сайысында бақтарын сынады;
6, 10 және 11-сыныптар волейбол және пионербол секілді командалық ойындарда жарысты.
Мерекелік күн өте белсенді және жарқын өтті, қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар, спорттық жігер және бірлескен жеңістердің қуанышын сыйлады. Мұндай шаралар тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, оқушыларды жақындастырып, командада жұмыс істеуге және бір-бірін қолдауға үйретеді.







