Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2025 жылғы 16 қыркүйекте мектепте 9-сынып оқушыларының №2 емхананың маманы Жанғабылова Г.Б.-мен «Нашақорлықтың алдын алу. Психоактивті заттардың адам ағзасына зияны» тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесу барысында Жанғабылова Г.Б. психоактивті заттардың, әсіресе жасөспірім ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы айтып берді. Ол бұл заттардың орталық жүйке жүйесіне, жүрекке, өкпеге және басқа да мүшелерге қалай әсер ететінін, сондай-ақ олардың ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.

Практикалық бөлімде маман психоактивті заттарды шеккенде өкпеде қандай өзгерістер болатынын көрсететін көрнекі тәжірибе жүргізді. Бұл оқушыларға зиянды заттардың тыныс алу жүйесіне қалай әсер ететінін анық көрсетті.

Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа байланысты бейнеролик көріп, алған білімдерін бекітіп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді.

26 11 2025 23

26 11 2025 24

 

© 2025 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы
білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа № 17 отдела образования города

Костаная» Управления образования акимата Костанайской области