Жол қозғалысы жарақаттанудың алдын алу айлығы аясында «Жол қауіпсіздігі» атты шарада жас жол инспекторлары отряды 4 «В» және 2 «Г» сынып оқушылары үшін «Жолда жүру ережелерін бәрі де білуі тиіс» атты викторина өткізді.
Балалар оқушыларға Жол инспекторлары отрядының жұмысымен таныстырып, негізгі жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, ақпараттық әңгіме мен цифрлық викторина өткізді.







