13–14 қараша аралығында мектепте «15 қараша – Ұлттық валюта күні» атты сынып сағаттары өтті. Іс-шаралар Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге арналды.
Сабақ барысында оқушылар ұлттық валютаның пайда болуы мен дамуы тарихымен танысып, алғашқы банкноттар мен тиындардың дизайны мен символикасы туралы қызықты мәліметтер алды, сондай-ақ теңгенің ел экономикасын нығайтудағы рөлін білді. Мұғалімдер қазіргі қоғамдағы қаржылық сауаттылықтың маңызы туралы әңгімелеп, оқушылар викториналар мен танымдық ойындарға қатысты.
Сынып сағаттары оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін арттырып, отансүйгіштік пен елге деген мақтаныш рухын қалыптастыруға ықпал етті.






