«Адал азамат» бірыңғай бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында 23 желтоқсанда «В гостях у сказки» үйірмесінің тәрбиеленушілері 1-сынып оқушыларына арналған заманауи үлгідегі «Золушка» ертегісінің сахналық қойылымын ұсынды.
Жас әртістер өздерінің актерлік шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Қойылым көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мейірімділік, еңбекқорлық және арманға сену сияқты құндылықтарды дәріптеді.







