Бүгін, 20 қаңтар күні, «Театр – өмір айнасы» үйірмесінің тәрбиеленушілері 1–2 сынып оқушыларына арналған «Алтын балта», «Құмырсқа мен шегіртке», «Түлкі мен қырғауыл» атты театрландырылған қойылымдарды ұсынды. Жас әртістер өздерінің шеберлігін, артистік қабілетін және театр өнеріне деген сүйіспеншілігін көрсетті. Көрермендер қойылымдарды қызыға тамашалап, қатысушыларды жылы ықыласпен қол соғып қолдады.






