2026 жылғы 16 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында қалалық Триатлон паркінде «Отбасылық қозғалыс» атты тимбилдинг өтті. Тимбилдинг отбасылық құндылықтарды,-ана мен бала және ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты бірлескен белсенді іс-әрекет пен жағымды демалыс арқылы нығайтуға бағытталды.
№17 ЖББМ-нен 4 отбасы қатысты:
1. 5-сынып оқушысы Ибраева Айлана және оның анасы Ибраева Анастасия Эдуардовна,
2. Зимарева Дарина және оның анасы Карисова Алтын Ғалиғапарқызы,
3. Гончарова Варвара және оның анасы Гармс Наталья Анатольевна,
4. Асқарбек Айзере және оның анасы Төлегенова Зенегүл Төлендіқызы.
Балалар мен ата-аналар көтеріңкі көңіл күй мен мол қуат алды. Ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа және ұйымшылдыққа арналған түрлі сынақтардан өте отырып, әр отбасы ерекше әсерге бөленіп, мерекені ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.








